Ғылыми шешімдер мен технологияларды әзірлеу.
Біз қандай зерттеулер жүргіземіз?

Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) және экология салалары бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер:

  • ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің адаптивті технологияларын әзірлеу;
  • топырақ пен жер ресурстарына диагностика жүргізу;
  • жайылым ресурстарын тиімді басқару;
  • мал азығы базасын қалыптастыру;
  • бүлінген жерлерді рекультивациялау;
  • гранттық және келісімшарттық жобалар аясында ғылыми зерттеулер жүргізу.

Білім мен практикалық дағдыларды дамыту

Оқыту бағдарламалары мамандарға, оқытушыларға және білім алушыларға арналған.

Негізгі бағыттар:

  • ғылыми зерттеу әдістемелері;
  • жайылымдарды тиімді пайдалану және басқару;
  • дақылдарды өсірудің адаптивті технологиялары;
  • агрономия саласындағы практикалық шешімдер;
  • заманауи цифрлық технологияларды қолдану.

Оқыту форматтары:

  • қысқа мерзімді курстар;
  • семинарлар;
  • практикалық сабақтар;
  • далалық тәжірибелік оқыту, семинарлар, практикалық сабақтар.

Практикалық тәжірибе және кәсіби даму

Ғылыми тағылымдамалар магистранттарға, докторанттарға және ғылыми қызметкерлерге арналған.

Біліктілікті арттыру бағыттары:

  • бейіндік пәндер;
  • заманауи ғылыми әдістемелер;
  • практикалық агротехнологиялар;
  • цифрлық технологиялар;
  • жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдалану.

Ғылыми технологияларды өндіріске енгізу

Негізгі қызмет бағыттары:

  • ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын ғылыми сүйемелдеу;
  • жайылымдарға мониторинг жүргізу;
  • топырақ диагностикасы;
  • өсімдіктерді қорғау жүйелерін қолдану;
  • мал азығы базасын ұйымдастыру;
  • аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру;
  • тұқымдар, тыңайтқыштар және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша консультациялық қызмет көрсету.